ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аудандық орталық модельді кітапханада «Адалдық алаңы» ақпараттық көрме ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің еліміздегі барлық салада құқық бұзушылықты болдырмау, заңсыздықтың алдын алу, ашықтық жүйе қалыптастыру секілді жұмыстарға білек сыбана кірісіп, түрлі жұмыстар жүргізіп жатқаны белгілі.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында аудандық орталық модельді кітапхана парасаттылыққа баулып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен жоғары мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашықтық, адалдық принципіне негізделген «Адалдық алаңы» ақпараттық көрме ұйымдастырылды.