Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері аудандық білім беру саласы қызметкерлерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық қоғамдық штабтың мүшелері аудандық білім беру саласы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуді аудандық қоғамдық штабтың мүшелері Б.Қуанәлиев,Е.Илемесов,Т.Кадимов және А.Уалиев қатысып кандидаттың сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, насихаттады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жұмыстарына күнделікті куә болып жүрміз. Әрбір іс тиянақты түрде жүзеге асуда. Жыл сайынғы жолдауларында әрбір ел азаматының жүрегіне жететін жобаларды ұсынады. Сайлауалды бағдарламасының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін қазір және әрдайым» деп аталатынын түсіндіріп, сайлауда белсенділік танытуға, білім беру саласы қызметкерлеріне бұл істе үлкен жауапкершілік жүктелетінін тілге тиек етті. Өз кезегінде сөз алған Б.Сарбалина қоғамды жаңарту мен әділетті Қазақстанды құруды көздейтін реформаларды жүзеге асыру үшін бірлік пен келісім қажет екенін айтты.

#Toqaev2022

0
0
219

Осы тақырып бойынша