Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық қоғамдық штаб мүшелері Жаңақала аудандық Жауқазын балабақшасының үжымымен кездесті.

Аудандық қоғамдық штаб мүшелері Жаңақала аудандық Жауқазын балабақшасының үжымымен кездесті. Кездесуде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Ұлы Абай айтқандай «Толық адамға» тән қасиеттің бәрі халқымыздың бойында тоғысуы қажет екенін үнемі айтып жүрмін. Сондықтан, еңбекқорлық, білімге ұмтылыс, заңды құрметтеу және құқықтық тәртіпті сақтау, атаққұмарлықтан, радикализмнен аулақ болу, пайдакүнемдік пен ысырапшылдықтан, масылдық пен енжарлықтан жирену, адамгершілікті ардақтау, өзгеге тілектес болу және өзара жәрдем көрсету сияқты қасиеттер біздің мәдени кодымызға айналуы керек.

Осы құндылықтарға адал болу нағыз қазақстандық патриотизмнің, яғни шынайы отаншылдықтың үлгісі болмақ. Желбіреген көк байрағымыз, көк түсті төлқұжатымыз және мемлекеттік тіліміз – барша азаматымызға ортақ нышандар. Солар арқылы егемен еліміздің мемлекеттілігін, халқымыздың бірлігін, тұтастығын, Қазақстан Республикасының күш-қуатын күллі әлемге паш етеміз.

Сондықтан алдағы сайлау – елдің болашағы үшін жасалып отырған маңызды қадам. Осы жерде отырған әр қайсыңызды сайлауға қатысуға шақырамын деді штаб мүшесі М.Шапихов

#Toqaev2022

0
0
186

Осы тақырып бойынша

Аудандық қоғамдық штаб мүшелері Жаңақала аудандық Жауқазын балабақшасының үжымымен кездесті. - Yvision.kz