Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық қоғамдық штаб мүшелері Теректі ауылының интеллигенция өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында штаб жетекшісі М.Ибраев қатысушыларға бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барып, «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын жариялағанын баяндады. Сонымен қатар, елімізде болып жатқан саяси, экономикалық реформалар, штаб отырысында жарияланған сайлауалды бағдарлама, Президент Жолдауында айтылған басты мәселелерге тоқталды.

Үгіт-насихат жиынына қатысқан интеллигенция өкілдері алдағы 20 қараша күні өтетін сайлауға өз үндерін қосып, кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдайтындықтарын білдірді.

#Toqaev2022

0
0
133

Осы тақырып бойынша