Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар онлайн форматта кездесті

Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар, Баянауыл аудандық орталық ауруханасының дəрігерлері – Төлеген Хадыр, Нұрсұлтан Бірлік, Индира Қадырбекова «Zoom» платформасы арқылы Майқайың кентіндегі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.

Кандидаттар медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытын ұстанатындарын алға тартты.

«Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алғашқы көмек адамдарға барынша жақын болады. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға жəне нығайтуға бағытталатын болады. Жұмыста коронавирустық

инфекциямен күресу кезеңінде алынған тəжірибе қолданылады», - деді Төлеген Хадыр.

Нұрсұлтан Бірлік осы мақсатты жүзеге асыру бағытында «Nur Otan» партиясы жасайтын жұмыстарға тоқталды: «Халықтың ПТР зерттеулеріне еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету, стационарлар базасында жаңа зертханалар ашу – алға қойылған үлкен міндеттердің бірі. Пандемиямен күресу үшін бейінді емес үй-жайлардағы жаңа жəне қайта жаңартылған провизорлық госпитальдарды ӨЖЖ аппараттарымен жəне оттегі жабдығымен қамтамасыз ету, КТ кабинеттерінің тəулік бойы жəне үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында компьютерлік томография аппараттарын сатып алу, медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеуді, көтермелеуді, уəждемелік төлемдер мен үстемеақыларды қаржыландыру схемаларын жетілдіру, коронавирусқа қарсы қорғаныс құралдары – медициналық маскалар, дəрігерлерге арналған арнайы костюмдер жəне дəрі-дəрмектерді сатып алу қажет», - деді.

Кездесуде 2021-2025 жылдар аралығында Қ.Сəтпаев жəне М.Ж.Көпеев, М.Шорман, Ақсаң, Жалғызқайың жəне Сұлужон, Майкөбе жəне Үшқұлын, Жаңатілек ауылдарында медициналық нысандарға күрделі жөндеу жəне Майқайың кентінің ауылдық учаскелік ауруханасы мен емханасы ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізуге қол жеткізу қажеттігі айтылды. Ал, Құндыкөл, Қ.Сəтбаев, Егіндібұлақ, М.Шорман, Ұзынбұлақ, Ақши, Торайғыр, Аймауытов, Ж.Шанин, М.Ж.Көпеев, Қаражар, Қаратомар, Бірлік, Лекер қажы, Шөптікөл, Сұлужон, Майкөбе жəне Жалғызқайың ауылдарында 18 дəріхана пунктін ашу жоспарлануда. Сонымен бірге, 9 бірлік санитарлық жəне 1 бірлік қызметтік автокөлік сатып алу қажет. «Бұл шаралар 2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 74,1 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - дейді кандидаттар.

Жалғызқайың ауылдық клубының əдіскері Дүйсенбай Жұмағұлов Ақсаң жəне Қаражар ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде байланыс желісі, жол сапасы секілді мəселелер көтерілді.

Кандидат «Nur Otan» партиясы ауылішілік жолдардың сапасын жақсартуды негізгі міндет ретінде алғанын атап өтті. «Nur Otan» партиясы ауылішілік жəне аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мəселелерін шешетін болады. Біздің міндетіміз – 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 95%-дан астамын сапалы жөндеуден өткізу», - деді ол.

«Nur Otan» партиясы Баянауыл аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сайлау 2021

0
0
876

Осы тақырып бойынша

Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар онлайн форматта кездесті - Yvision.kz