Аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Қайыңды ауылында болып, сайлаушылармен кездесті.
"Nur Otan"партиясы аудандық сайлауалды штабының үгіт - насихат жұмыстары күн өткен сайын қарқынды өтуде. Кандидаттар сайлауалды бағдарламаның маңызы мен ертеңгі күні ел игілігі үшін жасалатын игі істерді тұрғындарға тынымсыз түсіндіруде. Осы мақсатта аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар А.Қасеналиева, Ш.Бабашева , Ш.Дайрабаева, А.Баймуратова, Н.Беркимбаев,С.Бисембаев, Э.Закимбаева Қайыңды ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Іс шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын егжей - тегжейлі түсіндірді. Əлеуметтік мəселеге жете мəн берілгені, ауылдарды дамыту мақсатында атқарылатын істерге тоқталды. Ауыл тұрғындары кандидаттарға бірнеше сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Тұрғындар тарапынан айтылған кейбір ұсыныстарын келешекте назарға алынатынын да айтты. Аудандық мəслихат депутаттығына кандидат А. Қасеналиева партия қай кезеңде болмасын халықтан қолдау тауып келе жатқан үлкен күш. Ел қамы үшін де жасап жатқан жұмыстары, алда жасалатын жұмыстары да мол. Сондықтан алдағы науқанда дұрыс шешім жасап, партияға қолдау білдіретіндеріне сенім артты. Ауыл тұрғындары да кандидаттарға өз тілектерін жеткізді.

