Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық мекемелердің жұмысымен танысты

Сырым ауданына жұмыс сапары барысында Агенттік өкілі Арман Бердалин мен Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Ырза Тұрсынзада аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, жұмыспен қамту орталығының, Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратының және халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс барысымен танысты.

Агенттік өклдері аудандық мекемелері жұмысына өз ұсыныстарын білдірді.

Сонымен қатар, қонақтарға ауданның жетістігі саналатын Сырым Датұлы мұражайы мен Алаш саябағы таныстырылды.

Агенттік өкілі Арман Бердалин мен Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Ырза Тұрсынзаданың жұмыс сапары Ақтөбе облысына жалғасатын болады.

1
0
209

Осы тақырып бойынша

Аудандық мекемелердің жұмысымен танысты - Yvision.kz