ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы


Теректі аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Орташа жасы – 41,8 яғни 5 жылға жасарды.
Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни тізімдегі 6 кандидат – праймериз жеңімпазы, 4 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл аймақтық өкілдікті сайлаушылар санына сәйкес пропорционалды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Партия Төрағасының мәслихаттардағы жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды.
2021-2025 жылдарға арналған Теректіауданының аумағын дамыту бағдарламасындағы бағыттар бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылды. Сонымен қатар
ауданымыздың бесжылдыққа арналған нақты көрсеткіштері бар тиісті жол картасы әзірленіп, жария түрде қарауға ұсынылатын болады.
Мирхат Ибраев
Фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты.