Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның кезекті отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясының Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жетекшісі Мирхат Ибраевтың төрағалығымен депутаттық фракцияның кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде партияның Теректі ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – Жол картасының орындалуының барысы бойынша жауапты депутаттардың атқарған жұмыстары қаралды. Аталған мәселе бойынша фракция жетекшісі баяндама жасады. Қазіргі таңда аудан бойынша Жол картасының 2021 жылға қойған 75 шараның 18 орындалды. Сонымен қатар, Жол картаны жүзеге асыруда орындалмау қаупі бар тармақтар да талқыланды.

Фракция жетекшісі М.Ибраев жыл аяғына дейін орындалуы тиіс жұмыстар сапалы, уақытылы аяқталуын басты назарда ұстап, депутаттар белсенділігін арттыру қажеттігін айтып отырысты қорытындылады.

0
0
203

Осы тақырып бойынша

Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның кезекті отырысы өтті. - Yvision.kz