Аудандық мәслихат депутаты И.Классеннің онлайн қабылдауы
Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Классен Ирина Петровна азаматтарды онлайн форматта қабылдады. Қабылдау барысында азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй мәселелері бойынша сұрақтарымен жолықты. Депутат барлық сұрақтарға заң аясында түсінік берді.
