Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қоскөл ауылының тұрғындарымен кездесті
Бүгін "Nur Otan" партиясының аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Сүйеуғалиев, М.Амантаев Қоскөл ауылының тұрғындарымен, жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында кандидаттар "Nur Otan" партиясы тарапынан ел игілігі үшін атқарылып келе жатқан жұмыстармен және алдағы бес жылдағы партия бағдарламасымен таныстырып, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.
