Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер үгiт-насихат жұмыстарын Жыланды ауыл тұрғындарына өткізді
Бүгiн 24-желтоқсан күнi Облыстық мәслихатының үмiткерi Cултанов Сабыржан Кыдырсихұлы, Аудандық мәслихатқа үміткерлер Капуова Сандуғаш Ғарифоллақызы, Сұлтанов Батырхан Сабыржанұлы, үгiт-насихат жұмыстарымен Жыланды ауылдық Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездестік.
Көптеген кездесулерде аға-ұрпақ өкiлдерi мен пiкiрлесiп, ардагерлердің партиямыздың саясатына, нақты iстерге көзқарастарын көрдiк. Болашақта Отанымыздың одан әрi дамуына, экономикалық тұрақтылығына, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылауына кәсiпкерлiктiң, ауыл шаруашылығының қосатын үлесi зор екенін ел түсiнiп отыр. Бағдарламада көрсетілген ауылшаруашылық мен кәсiпкерлiктi қолдау, дамыту барысындағы iс- шаралардың орындалатынына сенiмдi екендерiн, "Nur Otan" партиясын қолдап, дауыс беретiндiктерiн айтты.
