Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттың тікелей эфирі
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Светлана Ешматқызы Байтенова әлеуметтік желілерде "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жөніндегі тікелей эфирі өтті. Тікелей эфир барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары мен аудандық сайлауалды бағдарламаның жеті басымдығы туралы айтып, тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап берді. «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау ауданы тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.
