Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт насихат жұмыстары жалғасуда
Бүгін 17.12.2020 жылы сағат 11.00-11.45 аралығында "NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырушы Құрманғазы аудандық мәслихатына партияның тізіміне енген кандидаттар А.Ж. Каржауова, Т.Исмагулов, Қ.Ғұмаров және Атырау облыстық мәслихатына үміткер М.Құмаров офлайн режимінде Ақкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның басты 7 жетістіктерін, "NurOtan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар таныстырылды. Кездесуге қатысушылар арасынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар да айтылды. Кездесу соңында кандидаттар, 2021 жылдың 10 қаңтарда болатын сайлауға белсенді қатысуға, өз таңдауларын жасауға шақырды.
"NurOtan"-ға ДАУЫС БЕР!

