Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың "Қамзаева" ЖК қызметкерлерімен үгіт-насихат кездесуі
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын және ауданды дамытудың 7 басым бағыты кеңінен баяндалған кездесу ауданымыздағы «Бәйтерек» сауда нысанында өтті.
Кездесуде облыстық мәслихатқа кандидат М. Байжановтың сенімді өкілі М.Бекжанов, аудандық мәслихатқа кандидат О. Кушевтің сенімді өкілі Г. Тулеушева, аудандық мәслихатқа кандидаттар
Г.Волкогон, Қ.Жазықбаев, А.Камзаева партияның сайлауалды бағдарламасынан ұжым қызметкерлерінің толық хабары барлығына көз жеткізе отырып, алдағы сайлау күні оларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Кең ауқымды түрде партияның болашаққа жарқын қадам бастайтын бағдарламасы мен ауданымызды дамытуға арналған іс-шаралар легі туралы айта отырып, ұжым қызметкерлері ашық әңгіме, кең түсінік жұмыстары үшін кандидаттарға алғыстарын білдірді.
