Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар проблемалық мәселелерді талқылады
Бүгін "Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабында кандидаттармен кездесу ұйымдастырылды. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың қатысуымен өткен іс-шарада проблемалық мәселелер талқыланды.

Іс-шараны ашып, жүргізіп отырған аудандық мәслихат депутаты, мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров басқосудың мәні мен мақсатына тоқталды. Сонымен қатар ол кандидаттарға қажетті құнды ақпараттармен таныстырып қана қоймай, іс-тәжірибесімен бөлісті.
Алдағы сайлау науқанына дайындық, желілік кестеге сәйкес өткізілетін іс-шаралар туралы депутаттыққа кандидат және штаб мүшесі Ф.Қалтаева түсіндірме жұмыс жүргізді.

Жауапты кезеңге деген жауапкершілік жүгін сезінген кандидаттар өздерін толғандырған сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.
