Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат М.Амантаев зиялы қауым өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.
"Nur Otan" партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат М.Амантаев зиялы қауым өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ауданымызда алдағы жылдары атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары таныстырылып, елдің алдағы жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.
