ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аудандық мәслихат депутаттарының қабылдаулары

Пандемияға байланысты қабылдаулар телефон немесе бейнебайланыс арқылы жүріп жатыр, бірақ депутаттар келген ауыл тұрғындарын қабылдамай жібермейді. Қабылдауларда тұрғын үй, жұмыспен қамту, қайырымдылық, жұмысқа орналастыру туралы мәселелер қаралуда.

Мәселен, аудандық мәслихат депутаты Эльмира Утепбергеноваға жолыққан Юбилейный ауылының тұрғыны тұрғын үйді апатты деп танылу үшін қолдау сұрап, мәселе оң шешімін тапты.

4 ақпан күні өткен Сержан Идиятовтың қабылдауына келген Теректі ауданы мүгедектерінің «Алтын шуақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ашикбаев ауданның мүгедектігі бар тұлғаларға көмек көрсету жұмысын ұйымдастыруды және бірлесе жұмыстануды ұсынды.

Партия филиалында аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлім басшылары қабылдау өтізеді. Қоғамдық қабылдау бойынша сұрақтарыңыз болса 23-2-98, 8-705-965-35-24 телефондарына хабарласуыңыз болады.