Аудандық мәслихатқа үміткерлер Қайыңды ауылдық округінің жұртшылығымен кездесті.


21 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихатқа үміткерлер Сәрсенбай Молдашев, Ерболат Бекмулдин, Қабдулғалиев Елдос Қайыңды ауылдық округінің жұртшылығымен кездесті. Кездесуде партияның 2025 жылға арналған бағдарламасы мен осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары баяндалды. Қазіргі таңда Қайыңды ауылдық округінің өзінде партияның қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асқан болатын. Алдағы уақытқа құрылған бағдарламада да атаулы ауылға деген игі жобалар назардан тыс қалмақ емес. Бұның барлығын үміткерлер тілге тиек ете отырып, халықты «Nur Otan»-ды қолдауға шақырды. Қайыңды ауылының тұрғындары да партияны қолдайтындықтарын жеткізді.
Үгіт-насихат жұмыстары барысында карантиндік талаптар сақталды.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
