Аудандық мәдениет үйінде маслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат кездесуі өтті.
2020 жылы 21 желтоқсаны күні аудандық мәдениет үйінде маслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат кездесуі өтті. «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабтың жетекшісі М.Қалелов, штаб мүшесі Б.Өлмексеков, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Темиргалиева «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы мен таныстырды. Кездесуге мекеме басшылары, белсенді жастар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Штаб жетекшісі М.Қалелов кездесуді қорытындылап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңы концертке ұласты. Кездесуде барлық санитарлық талаптар сақталды.
