Аудандық конференция өтті
Бүгін «Nur Otan» партиясының Жарқайың аумақтық филиалында кезектен тыс конференция өтті. Оған бастауыш ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысып, конференция жұмысын аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы ашып, жүргізді. Күн тәртібіне сәйкес Жарқайың ауданымыздың Сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, конференция барысында Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер арасында дебат өтті. Одан соң, арнайы дайындалған дауыс беру кабинкаларында облыстық мәслихатқа партиялық тізімдегі кандидаттарға онлайн режимінде құпия дауыс беру ұйымдастырылып, олардың қорытындылары жария етілді.
Конференция соңында «Nur Otan» партиясының Жарқайың аумақтық филиалынан ұсынылған аудан депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім мен «Nur Otan» партиясы Ақмола аймақтық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына делегаттар тізімі бекітілді.
