Аудандық филиал төрағасы - Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетовтың қоғамдық қабылдауы өтті.
Бүгін Ақжайық аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының мәжіліс залында бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес, аудандық филиал төрағасы - Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетовтың қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауға келген азаматтардың басым көпшілігінің өтініштері - тұрғын үйге қатысты мәселелер болды. Қабылдауға келген әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Чапаев ауылдық округінің әкімі Нұртаза Нәбиденовке және Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айбек Замеровке тұрғын үйге қатысты тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыстануға тапсырма берді.
