Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қадырбек Ержан Ізтайұлы жеке қабылдау өткізді.
28.01.2021 жылы өтініш иелерін қабылдауды Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Қадырбек Ержан Ізтайұлы жалғастырды. Қабылдауға келген «әрбір тұрғынның өтініші біз үшін маңызды» деген ұранмен әр өтініштің шешімін табуға атсалысты. Оның шешілу жолдары партия бағдарламасында қарастырылғандығын жеткізіп, өтініш иелерінің ұсыныс-пікірлеріне де назар аударды. Қабылдау барысында қоғамдағы мәселелердің бірі әлеуметтік сала бойынша өтініштер талқыланып, Қазақстан Республикасы Заңдары аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.