Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық ақпараттық топ мүшелерінің Ақтау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі

2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміз үшін елеулі саяси оқиғалардың бірі. Өйткені онда Мемлекет басшысы елімізде қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам дамуының негізгі векторларын белгіледі.

Жолдаудың «Цифрландыру — барлық реформалардың негізгі элементі» атты тармағында көрсетілгендей, цифрландыру — ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Азаматтардың сапалы байланыс пен интернетке қолжетімділігін барынша қамтамасыз ету керек.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев жыл соңына дейін ең сұранысқа ие анықтамаларды цифрлық нұсқаға көшіруге тапсырма берді. Мекенжай, мүліктік және басқа анықтамалар беру бойынша елімізде тәжірибе де бар екенін атап көрсетті.

Білім беру жүйесін цифрландыру – қазіргі уақытта Үкіметіміз жүргізіп жатқан реформалардың өте маңызды бөлігі. Президент Жолдауындағы Цифрландыру - барлық реформалардың негізгі элементі деп аталатын ІХ бөлімде «Цифрландыру – бұл сән үрдісін ұстану емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы» деп, келешекке бағыт-бағдар берді.Ақтау ауылдық округі тұрғындарымен кездесуде ақпараттық насихат тобының мүшесі Л.Суиншқалиева өз баяндамасында 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Цифрландыру — барлық реформалардың негізгі элементі» тақырыбында түсіндіру жүргізді.

0
0
131

Осы тақырып бойынша

Аудандық ақпараттық топ мүшелерінің Ақтау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі - Yvision.kz