Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауданда жолдарды жөндеу, қайта құру және салу жөніндегі шаралар туралы

18 қарашада Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д. И. Нұрлыбековтың қатысуымен тікелей эфирде "Ауданда жолдарды жөндеу, қайта құру және салу жөніндегі шаралар туралы" мәселе талқыланды.Тікелей эфир кезінде Есілдіктер мынадай сұрақтар қойды: Есіл ауданындағы автожолдардың сапасын кезең-кезеңімен жақсарту үшін алдағы жылдарға қандай жұмыстар жоспарланады; болашақта біздің аудан арқылы өтетін Республикалық маңызы бар жолдарға бюджет қаражатын бөлу жоспарланады ма; қала шегіндегі жолдарды жөндеуге ақша қаражатын бөлу үшін қандай бағдарламалар бар; қаладағы жолдарды жөндеу жоспарына енгізу үшін көшелерді қандай критерийлер бойынша таңдайды; Есіл-Орловка жолына қатысты таяу уақытта қандай жұмыстар жоспарланады?Дәуренбек Ибрашұлы ауданда көше-жол желісін күтіп ұстауға, жолдардың нормативтік талаптарға сәйкестігіне үлкен көңіл бөлінетінін, жүріс бөлігінің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты.Биыл құрылыс маусымында жалпы ұзындығы 1,5 шақырым болатын 2 көше жөнделді.Автомобиль жолдарын қысқа дайындау туралы сұраққа Дәуренбек Ибрашұлы, жол қызметтері қар көп түскен кезде құм себеді және жүріс бөлігін грейдерлейді.2021 жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді, олар: 3 ауылда кентішілік жолдарды орташа жөндеу (2021ж.-Заречное а., 2023ж. - сс.Сурган, Бузулук); 2021 жылы "Есіл-Свободное-Раздольное" автомобиль жолының 13 км көпір салу; 2021 жылы ұзындығы 28 км "Бузулук–Юбилейный" жолын орташа жөндеу.Тікелей эфирге барлығы 12 сұрақ түсті. Айтылмаған сұрақтар "Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушыларь көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы" ММ жауап дайындау үшін берілетін болады.

0
0
141

Осы тақырып бойынша

Ауданда жолдарды жөндеу, қайта құру және салу жөніндегі шаралар туралы - Yvision.kz