Ауданда «Nur Otan» партияcsның сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін қоғамдық кеңестер құрылды
Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні, аудан әкімшілігінде Саяси кеңес Бюро отырысы өтті.
Күн тәртібінде бірқатар сұрақтар көтеріліп, құжаттар мен кестелер Бюро мүшелерінің дауыс беруімен бекітілді.
Атап айтсақ, «Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының XХIX есеп беру-сайлау Конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөніндегі квота, сонымен қатар, аудандық Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аудандық қоғамдық кеңестердің төрағаларын, құрамдарын және ережелерін бекітіп, алдағы мақсаттары анықталды.
Назарларыңызға сала кетсек, партияның Саяси кеңес Бюро шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды. Ал ауданымызда 8 қоғамдық кеңес құрылды. «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаева өз сөзінде:
«Кеңестің міндеттері мен мақсаты партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру және әр бағытты уақытылы бақылау. Коғамдық кеңестердің Ережелеріне сәйкес отырыс тоқсанына бір рет өткізіледі. Кеңестердің сапалық құрамдарында әйелдердің 30 % және 35 жасқа дейінгі жастардың 20 % құрамдары ескерілді. Кеңес құрамдарына басқа ұлт өкілдері және партия жақтастары енгізілді. Жалпы Кеңестердің құрамдарына мәслихат депутаттары, кадрлық резерте тұрған кандидаттар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енгізілді» деген болатын.
Атап айтсақ, Ескелді аудандық қоғамдық кеңес төрағаларына келесі азаматтар бекітілді: өңірлік даму бойынша – Хильниченко Александр Викторович, аграрлық сектор бойынша – Дюсенбинов Айдын Касымович, экономиканы дамыту және кәсіперлікті қолдау бойынша – Гүлмира Ахметова, отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері және жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша – Мейрбекова Раушан Блсбекқызы, білім мен ғылымды дамыту және ұлт денсаулығы мәселелері бойынша – Ткенбаев Саят Қанатұлы, экология мәселелері бойынша – Ткенбаев Саят Қанатұлы, жастарды қолдау бойынша Жолдыбаев Серік Сағадиұлы, партияның бақылау комиссиясы бойынша – Досанов Бақыт Қосанұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесіне – Торғаев Ермек Нұраханұлы жетекшілік етеді.
Соңғы қаралған сұрақ, ол аудандағы бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының, есеп беру - сайлау Конференцияларының өткізу кестесі бекітілді.
