Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауданда дәрі-дәрмек және жеке қорғаныш құралдарымен қамту мәселесі

Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы Мұнайлы аудандық ауруханасына мониторинг жұмыстарын жасады. Ауданда дәрі-дәрмек және жеке қорғаныш құралдарымен қамту мәселесі басты назарда.

«Мұнайлы ауданы бойынша 3 айға жететін дәрі-дәрмек және жеке қорғаныш құралдарының қоры жасақталды. Аудан бойынша 74 дәріхана тіркелген соның 60 жұмыс жасап отыр.

Аудандық аурухананың материалдық техникалық базасы толық жабдықталған. Мәселен, электрокардиограф, рентген қондырғысы, ультрадыбыстық тексеру аппараты, 2 (ИВЛ) өкпені жасанды тыныс алу аппараты, 33 оттегі концентратор, 95 пульсоксиметр құрылғыларымен қамтылған. Қазіргі таңда ауданда Маңғыстау ауылы Бесшоқы тұрғын үй массивінен 40 орындық және Атамекен ауылдық округінен 40 орындық провизорлық стационар орын жасақталды.

Сонымен қатар бастапқы медициналық санитарлық қызмет көрсету орталығына 3 Дамас автокөлігі берілді, желтоқсан айына дейін 14 жедел жәрдем автокөлігі беріледі деп жоспарлануда.» -, деп атап өтті аудандық аурухана басшысы Ж. Досжанова

Осы тақырып бойынша

Ауданда дәрі-дәрмек және жеке қорғаныш құралдарымен қамту мәселесі - Yvision.kz