Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан жастарымен кездесті.

ПАРТИЯ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

25 қараша күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында 10 қаңтардағы Парламенттің төменгі палатасының депутаттарын сайлауы қарсаңында атқарылатын жұмыстар түсіндірілді. Сонымен қатар Ерболат Мұратқалиұлы «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасының жастарға арналған басымдықтарына тоқталып, партияның жастарды қолдауға дайын екендігін тілге тиек етті.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында өткен кездесу барысында Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Казталов ауданындағы филиал директоры Аманжол Нигметов және аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Азиз Армисов бизнесті дамытуға арналған мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламалардың басымдықтарымен таныстырды.

1
0
160

Осы тақырып бойынша

Аудан жастарымен кездесті. - Yvision.kz