Аудан тұрғындарының пікірі – Департамент басшылары назарында
2019 жылдың 03 мамыр күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы Р.Ақмырзаев жұмыс сапарымен Қаратөбе және Сырым аудандарында болды.
Жұмыс сапары барысында мемлекеттік мекемелер, халыққа қызмет ұсынатын ұйымдардың жұмыс барысымен танысты.
Сонымен қатар, Департамент басшылары аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында аудан азаматтарына қабылдау өткізіп, келушілердің сұрақтарына нақты жауаптар берді.
