Аудан тұрғындарына өзгерістер жолы:Әр азаматқа лайықты өмір! сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
2020 жылдың 24 желтоқсан күні кездесуімді Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, мал шаруашылығының шебері, II және III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалінің иегері, облыстық, аудандық "Чемпион-түйеші" құрметті атағын бірнеше рет иеленген еңбек озаты
Тұмақ Қабдолұлының шаңырағында болып, "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! сайлауалды бағдарламасы 2025: 17 басымдық бағытымен таныстырып, жаңалықтармен бөлістім. Сонымен қатар "Jas Otan" еріктілерімен бірге Парламент мәжіліс үміткерлерінің үнпарақтары ата кәсібін жалғастырып отырған Бекжан ұлының отбасына таратылды.
Нұржаулық жерлесіміз ақын-жазушы Таңатар Дәрелұлының "Тұғырлы биіктер" атты өз өмірі жайлы жазған кітабын қолтаңбасымен естелікке сыйға тартып,
дастархан басында ақ батасын беріп, жеңіс тіледі.
#NUROTAN-ғадауысбер
#Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

