ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Аудан әкімі С.Ысқақов филиал ғимаратында аудан тұрғандарымен қабылдау өткізді

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Аягөз аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі С.Ысқақов филиал ғимаратында аудан тұрғандарымен қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, баспана мәселесі, жер қатынастары және қаламыздың тазалығына байланысты сауалдар көтерілді. Өз кезегінде аудан әкімі биылғы жылы қаламыздың 37 көшесінде ауыз су тарту жұмыстары және несиелік және жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы басталатындығын жеткізді.

Одан бөлек, «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» бағдарламалары аясында баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, қабылдау барысында жетім балалар асыраушысы болып отырған тұрғын баспаналы болды. Қоғамдық қабылдауда барлық тұрғындардың өтініштері қаралып, 3-еуі оң шешіп тапты. С.Ысқақов қабылдау барысында көтерілген өзге де мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілетінін және алдағы уақытта тұрғындар сауалына жауап беру үшін бейне-қоңыраулар арқылы байланысқа шығатынын жеткізді.