Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан әкімі партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауда негізінен жұмысқа орналастыру және тұрғын үйден көмектесу мәселері көтерілді. Әр аудан тұрғынының өтініштерін мұқият тыңдаған аудан әкімі өтініштердің заң аясында оң шешімін табу жолдарын қарастыруды тиісті мекеме басшыларына тапсырды. Қабылдауда болған тұрғындар арасында мәселесі оң шешімін тауып, аудан басшысына өз алғыстарын білдіріп, алдағы жұмысына сәттіліктер тілеген тұрғындар да болды. Әділкерей Сағидуллаұлы қабылдауда болған барлық тұрғындардың өтініштерін бақылауға алуды филиал төрағасының бірінші орынбасары Марат Тұрымовқа тапсырды.

0
0
145

Осы тақырып бойынша

Аудан әкімі партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады. - Yvision.kz