ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
1

Аудан әкімі ардагерлерге алғыс хаттар табыстады

15 ақпан кеңес әскерлерінің Ауған аумағынан шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Бәрімізге белгілі, мыңдаған шаңыраққа орны толмас қайғы әкеліп, қасіретке душар еткен соғысқа ауданымыздан 132 адам аттанып, соның ішінде 2-еуі қаза тауып, 1- азамат хабарсыз кеткен еді. Бүгінде бұл азаматтарымыз аудан өміріне белсенді араласып, жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беруде өз үлестерін қосуда. 2020 жылы жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2 ардагер баспаналы болды. Аудан әкімі осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарға алғыс білдіру мақсатында санитарлық талаптарды сақтай отыра аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ардагерлерімізге алғыс хаттар табыстады.