Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан әкімі Адақ Танабайұлын мерейлі 63-жасқа толуымен құттықтап, жылы лебізін арнады

“Nur Otan”партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова партия ардагері Адақ Танабайұлы Шотпановты қабылдады. Кездесу барысында аудан әкімі Адақ Танабайұлын мерейлі 63-жасқа толуымен құттықтап, жылы лебізін арнады.

Аудан әкімі ақын ағамыздың аудан өмірімен біте қайнасып келе жатырған аудандық басылымды басқарғанын, Елбасымыздың жүргізіп отырған сындарлы саясатын ақпараттық насихаттауда және аудандағы атқарылған игі істерді жарықтандырудағы үлкен еңбегін атап өтті.

Бүгінде Адақ Таңабайұлы аудандық туризм орталығын басқарып, балалардың табиғатқа,туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып келеді.

Кездесу соңында аудан әкімі ақынның үстіне шапан жауып алғыс хат табыстады. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz

0
0
232

Осы тақырып бойынша