Аудан басшысы қала тұрғындарымен онлайн форматта кездесті
Тұрғындар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Басты көтерілген мәселелердің бірі көпбалалы отбасылардың баспанамен қамтамасыз етілуі болып отыр. Аудан басшысы ет комбинаты аумағындағы тұрғын үй және жалға берілетін 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған уақытта арнайы тағайындалған комиссия мүшелері, тұрғын үй кезегінде тұрған, әртүрлі санатқа жататын тұлғаларға нақты баспанаға мұқтаж деп танылған азаматтарға беру жұмыстары қарастырылуда екенін жеткізді.

Баспанамен қамтылу мәселелері еліміздің заңнамалық жүйесіне сәйкес кезекпен беріледі. Сонымен қатар, тұрғындар арасында осы уақытқа дейін шешімін тапқан мәселелерге арнайы алғыс білдірген азаматтар да болды. Одан бөлек, жеке мәселелері бойынша өтініш білдірген тұрғындарымызға аудан әкімі, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар да берді. Алдағы уақытта, аталған мәселелердің шешу барысын басты назарда ұстап, бақылайтынын атап өтті.
