Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан азаматтарын қабылдау өткізілді

А.ж. 17 сәуірде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Қ.С. Бейсембаев «Нұр Отан» ХДП Жамбыл аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.


Кездесу барысында Қайрат Сабиғатұлы анықталған жемқорлық құқық бұзушылық фактілері жайлы жұртшылықты ақпараттандыру, білім беру саласында біліктілік талаптарының жетілдірілуі, мемлекеттік қызметке орналасудың шарттары, мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде алақол жеткізушілерге қолданылатын шаралар, егін себу және жинау жұмыстарын өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы сұрақтарға жауап берді. 
Азаматтардың өзекті мәселелерінің бірқатары тексеру жүргізу үшін бақылауға алынды.
Аталған жұмыс Департамент пен «Нұр Отан» ХДП СҚОФ тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жеке қабылдауларды өткізу азаматтардың өзекті мәселелерін нақты шешуге, мемлекеттік органның қызметіне деген сенімнің артуына ықпал етеді.

 
0
0
286

Осы тақырып бойынша

Аудан азаматтарын қабылдау өткізілді - Yvision.kz