Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудан аумағында тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу...

алалардың құқықтары мен әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғалуы бойынша балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ жанындағы «Әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының 2020 жылдың басынан бүгінгі күнге дейінгі атқарған жұмыстары туралы ақпараттары аудандық мониторингтік және қоғамдық бақылау тобымен бірге талқыланды.Талқылау нәтижесі төмендегіше:

Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы аудан аумағында тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу мақсатында 2020 жылы 32 кездесу ұйымдастырып, кездесуге ардагерлер, әжелер, ауыл билері, ауыл жастары және жас отбасылар қатыстырылды. Өздеріңізге белгіді ҚР призидентінің 2020 жылғы 15 наурызда жарияланған №285 жарлығына сәйкес ел аумағында төтенше жағдай жарияланған болатын. Төтенше жағдайға байланысты профилактикалық жұмыстар онлайн режимді жүріп жатыр. Әлеуметтік желілер арқылы аудан тұрғындарына отбасы құндылықтарын сақтау, неке және отбасы, тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу тақырыптары аясында тікелей эфир арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сектор Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы №214/ІV заңына сәйкес жұмыс атқарады. Аталған заңның 3 бабы 5 бөлімінде құпиялық, 25 бабында жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау делінген, осы заңдарға сәйкес сектор көмегін алушылар туралы ақпараттар құпия түрде сақталады.

2020 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін секторға 53 азамат өз өтінішімен келді. Атап айтқанда өтінішімен келуші азаматтарға 5 - әлеуметтік көмек, 5 - психологиялық көмек, 43 - құқықтық көмек берілді. Олардың ішінде 40 - әйел, 13 - ер азаматтар. Аталғандарың ішінен 1 отбасының балалары тұрмыстық зорлық - зомбылық көрген.

Өздеріңізге белгілі 2020 жылдың 4 қазан күні әлеуметтік желіге "Жауыз әке" тақырыбында жарияланған видео бойынша «Әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы жедел түрде 4 қазан күні сағат 14:20 шамасында аудандық полиция бөлімі ЖПҚ учаскелік полияиция инспекторларымен жедел хабарласып, аудандық полиция бөліміне барып, зәбір көрген балаларға және анаға психологиялық көмек көрсетті. 2020 жылдың 5 қазан күні азаматша секторға келіп өз өтінінішін жазып, балаларына және өзіне психологиялық, құқықтық көмек беруін сұрады. Өтінішіне сәйкес құқықтық кеңестер мен психологиялық кеңестер берілді. Қазіргі таңда ана және балалары оңталту орталығына орналастырылды. Психологиялық жағдайлары жақсы.

Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық - зомбылыққа ұшыраған жағдайда «Әлеуметтік - психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторына келіп көмек алсаңыздар болады. Секторға өтініш беруші оның отбасы туралы ақпараттар құпия түрде сақталады.

0
0
242

Осы тақырып бойынша

Аудан аумағында тұрмыстық зорлық - зомбылықтың алдын алу... - Yvision.kz