Аудан ардагерлерімен кездесу өткізілді
"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы кезекті агитациялық жұмысы барысында аудан ардагерлерімен кездесу өткізді.
Агитациялық кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары әңгімеленіп, аға буын өкілдерінің пікірі тыңдалды.
Кездесу барысында сөз алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Абжанов, партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген мақсаттарға қол жеткізетініне сенім білдіретінін және аудан тұрғындарын сайлауда NurOtan партиясын қолдап дауыс беруге шақыратынын айтты.
