Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ауған отты жылдарда» атты кездесу кеші өтті

25 қараша күні ардагерлер үйінде «Ауған отты жылдарда» атты кездесу кеші өтті. Ауғанның таулы қыраттары мен соқпақты жолдарынан өткен кешегі жауынгерлердің жүректерін қасіретті де қаралы кезең әлі сыздатады. Осынша мезгіл өткенмен Ауған соғысының жүректерде қалған жарасы, көңілдерде қалған наласы жазылар емес. Татар дәмі, көрер жарығы таусылмай, туған жеріне, оқ пен оттың ортасынан аман оралып, бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамуына жан-жақты ат салысып, үлес қосып жүрген ауған соғысы ардагерлері: Мұфтахов Серік, Төлепбергенов Серік, Молдағалиев Сағынғали, Зинетуллин Темірболат, Сақташев Айжарық шараға қатысып, естеліктерімен бөлісіп, оқырманадар сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар шараға Жастар ресурстық орталығының мамандары, аудандық агроколледж студенттері, мектеп оқушылары, аудандық ардагерлер кеңесі қатысты.

0
0
116

Осы тақырып бойынша

«Ауған отты жылдарда» атты кездесу кеші өтті - Yvision.kz