Атырау облыстық сотында «Сот кабинеті» сервисіндегі жаңашылдықтар талқыланды
Атырау облыстық сотында «Әкімшілік істерді сотқа «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде жіберу сервисінің жаңашылдықтары» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.
Семинардың жұмысына Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының, мемлекеттік кірістер, әділет, ішкі істер департаменттерінің өкілдері қатысты.
Атырау облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары Б.Жолдаспаева атап өткендей, , бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты бастамасымен «Сот құжаттарымен танысу» жобасы іске асырылып жатқандығын, жоба шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға ақпараттық талон беру қарастырылады.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» арқылы соттарға әкімшілік істерді электрондық түрде жіберу туралы «Әкімшілік істі жіберу» сервисінің жұмысы таныстырылды.
Аталып өткендей, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімді, ашық әрі тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді.
Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға «Сот кабинеті» арқылы «Әкімшілік істерді жіберу» ақпараттық электронды сервисінің сотқа құжаттарды электронды түрде беру тәртібі көрнекі түрде таныстырылды.
Кездесу соңында іс-шараға қатысушы мемлекеттік органдар өкілдері жаңа ақпараттық онлайн қызмет түрлері қолданысқа кеңінен енетініне сенім білдірді.
Сот кабинеті – бұл ҚР сот органдарының сервистері мен қызметтеріне электрондық түрде рұқсат алудың бірыңғай терезесі ;
Сот кабинетінің иесі – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ;
Сот кабинетінің пайдаланушысы - осы келісімнің шарттарын қабылдаған, Сот кабинетінде тіркелген, өтініштерді жіберу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шеңберінде сот істері мен материалдары бойынша ақпарат алу үшін Сот кабинетінің қызметтерін пайдаланатын кез-келген жеке немесе заңды тұлға;
Сот кабинетінің әкімшісі – Сот кабинетінде есептік жазбаларды жасау және жоюға, сот кабинетіне рұқсат алу үшін құзыреттіліктердің өзгеруіне жауапты және Сот кабинетінде ақпаратты орналастыруға және алмасуға құзыретті Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.
