Атырау инженерлік гуманитарлық Институты ұжымымен кездестік.
Бүгін үгіт насихат жұмыстары аясында Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Айгүл Әмірғалиева және мен Атырау инженерлік гуманитарлық Институты ұжымымен кездестік. Кездесу барысыда ұжым мүшелерінен Семей полигоны, білім саласын дамыту, экология мәселесі көтерілді. Сұрақтарға жауап, ұсыныстарды бақылауға алдық. Кездесуге қатысушылар "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын қолдайтынын жеткізді.
