Атырау қаласы сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды қабылдадым.
Партиямыз NurOtan-ның қалалық бөлімшесінде халықтың өтініш-ұсыныстарын тыңдап, мұң-мұқтаждықтарына құлақ асу азаматтық борышымыз. Кеше 2021 жылдың 6 қаңтары күні Атырау қаласы сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес ,азаматтарды қабылдадым. Қоғамдық қабылдауға келген жалғыз басты ,көп балалы ана Б.Джиреншиева тұрғын үйінің жоқтығынан көп жылдардан үй жалдап жүргендігін,қазіргі отырған үйінің иесі үйді сатуға шығарып қойғандықтан балаларымен баратын жерінің жоқтығын айтып көмек сұрады.
Бақтыгүл Жексенбайқызына бұл мәселе бойынша алға қарай " NurOtan” партиясының қалалық штабында қарауға ұсыныс ретінде енгізілетіндігі ескертілді. Келесі қабылдауымда болған азаматша ,көп балалы ,9 баланың анасы А. Джиреншиева 21 мектепте оқитын төрт баласының сабақ оқу үшін интернет желісіне қосылатын құрылғылары жоқ екендігін айтып көмек сұрады. Бұл мәселені шешу үшін тиісті орындарға хабарланды.
