ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аттесттау комиссиялары төрағаларына оқыту өткізілді

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары А.Шайымованың басшылығымен 2017 жылдың                 17 наурызда бейне-конференц байланыс арқылы аттестаттау комиссиялары төрағаларымен әңгімелесу өткізудің дағдыларын үйрету бойынша  семинар өтті.

Семинарға орталық мемлекеттік органдардың  аумақтық бөлімшелері басшылары  мен персоналды басқару қызметінің  өкілдері қатысты.

Семинар Агенттік Төрағасының орынбасары А. Шайымованың кіріспе сөзімен басталып, әрі қарай  ««Б» корпусының  мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттау :өткізу тәртібі»  және ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен әңгімелесу шеңберінде жеке тұлғалық құзыреттерді бағалау» мәселелері бойынша ақпараттар тыңдалды.

Іс-шара барысында қатысушылар сұрақтар қойып, пікір алмасты.