ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Аттестаттау келешегі мол мемлекеттік қызметшілерді анықтады

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес «Б» корпусында әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге аттестаттау өткізу қарастырылған. Аттестаттаудың әр деңгейі үш кезеңнен тұрады: бағалау парағын толтыру, жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеу, жоғарғы аттестациялау комиссиясында немесе аттестациялық комиссиямен сұхбаттасу, аттестациялық комиссияның шешім қабылдауы.

2017 жылдың ақпан айының басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметшілері аттестаттаудың екінші кезеңіндегі жеке қасиеттерді бағалау бойынша тестілеуден өткен болатын.

Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің тестілеуінің қорытындысы бойынша қызметті тұтынушыға бағдарлану, қызметті тұтынушыларды хабарландыру, шешім қабылдау, қызметті басқару секілді әлді жақтары анықталды.

Ағымдағы жылдың 14 наурызда аттестаттауға жататын Департаменттің 22 мемлекеттік қызметшісі аттестациялық комиссиямен сұхбаттасудан өтті.

Аттестаттаудың үш кезеңінің қорытындысы бойынша 86,4% мемлекеттік қызметші-атқарып отырған мемлекеттік лауазымына лайықты, 13,6% мемлекеттік қызметші- атқарып отырған мемлекеттік лауазымына лайықты болып танылып, жоғарылатуға ұсынылды.