«Атамекен» тарихи - мәдени орталығында жастарға Елбасы өмірінен сыр шертілді
1-Желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күніне орай «Атамекен» тарихи - мәдени орталығында кездесу өтті.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы Күләш Амирова, Шамалған ауылдық округінің ардагерлер алқасының төрағасы Амангелді Молбаев, ауылдық округтегі Әжелер алқасының төрайымы Батиха Нұрбаева, «Шамалған» БПҰ төрағасы Ержас Тоқтасынов және «Jas Otan» ЖҚ мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Елбасы өмірінен сыр шертілді, жастарға оның балалық армандары, оқушы кезеңі, мектептегі бағалары және жұмыс жолы туралы Елбасының сыныптасы айтып берді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасының қалыптасу кезеңдерін көрсету арқылы жастарды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында, Елбасының тәуелсіз Қазақстанды дамыту мен нығайтудағы зор үлесі, әлемдік деңгейдегі қайраткерлік рөлі және жақсы қасиеттері туралы кездесуге келген ардагерлеріміз естеліктерімен бөлісті.
