«Атамекен» тарихи-өлкетану мұражайында экскурсия өтті
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іргетасы қаланған «Атамекен» тарихи-өлкетану мұражайында жастарға арналған экскурсия өтті. Шараның мақсаты – қазақстандықтар арасында Елбасының жүріп өткен шығармашылық және саяси жолын кеңінен насихаттау, сондай-ақ Президенттің өмірі мен қызметінің айшықты үлгілері негізінде жастардың патриоттық тәрбиесін күшейту. Музейге енді қадам басқан қонақтар экскурсия барысында Елбасымыздың түрлі естеліктерімен танысып, Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметінің, Қазақстан Респуб¬ликасы¬ның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес хронологиялық ретпен орналастырылған. Бұл Орталы¬қ¬қа келушілерге қазақстандық мемлекет¬тіліктің қайта жаңғыруы проце¬сіндегі, эко¬но¬микадағы және әлеумет¬тік саладағы, тарихи дамудағы түбегейлі терең өзгеріс¬терді өткерудегі және Қазақстанның ХХ және ХХІ ғасырлар шеңберінде халық¬аралық беделінің нығаюындағы Елбасының ауқымды үлесін, рөлі мен еңбегін көзбе-көз бағалау мүмкіндігін тудырады. Сондықтан әр залдың өзіндік ерекшелігі бар. Жастар экскурсияда алған әсерлерімен бөлісіп жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты.
