Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ата Заң – елдігіміздің тірегі

Тескенсу ауылында «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында жастар арасында кездесу өтті.

– Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», әз-Тәукенің «Жеті жарғысының» заманауи жалғасы болған Ата Заң 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дала заңдарына негізделіп, ұлттық құндылықтар сақтала отырып жазылған Конституцияның Қазақстанның дамуы жолында маңызы өте зор. Осылай деген  ауыл жастары Ата Заң – елдігіміздің тірегі, тәуелсіздіктің нышаны екендігін жеткізді.

Кездесу барысында жастар – қоғамның қозғаушы күші, ел болашағы екендігі айтылып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

0
0
109

Осы тақырып бойынша

Ата Заң – елдігіміздің тірегі - Yvision.kz