«Ата Заң – азат елдің ар-намысы»
2019 жылдың 28 тамыз күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де ҚР Конституциясы күніне арналған «Ата Заң – азат елдің ар-намысы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға Университеттің проректоры А.Тасмағамбетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Мұратов, облыс прокурорының аға көмекшісі Б.Ахметжан, сот және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Басқа сұрақтармен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
