Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Атақ үшін шешінуден тайынбас...

Адамның жасы ұлғайған сайын әр нәрсеге, әр жаңалыққа мән беріп қарайды екен. Осы күні қазақ телеарнасында жартылай жалаңаш,ұяттан безгендерді, жынысын ауыстырғандарды дәріптеу көбейіп кетті. Бұл жерде көп просмотр жинау ма әлде қазақ қоғамының ұяттан безініп басқа бір деңгейге шығуы ма? Тіпті кино, сериалдардың өзінде "сүйіскен қыз жігіт" одан әрісін айтпасақ та белгілі бұрын бізге ерсі болған нәрселерді ұялмастан көрсетіп жүр.

Бүгін осындай бейнебаянның куәгері болдым. Ол әншіні жұрт тым ерсі қылықтар көрсетіп жүр дегенде мән берген жоқ болатынмын. Енді клипті көргенде осы айтылған сөздердің дәлелділігіне көзім жеткендей болды.

Атақты болу үшін " америкалық стильде" клип түсіру қажет пе? Жалаңаш қыздар, жалған пафос, атыс-шабыс, төбелес деген элементтер қазіргі қоғамға қажет пе? Қазір біраз ток-шоулардың өзі осындай еркек қалпы жоқ, жартылай жалаңаш (дене бітімін талай отамен өзгерткен қыздарды), ақша үшін көңілдес боламын деген өзіне деген құрметі жоқ адамдарды қонақ ретінде шақырып, осы мәселені жұртпен бірге әлгі кейіпкерлерді тәрбилейміз деген ой болғанымен бірақ бағдарламаға келген қонақтар керісінше көп просмотр жинап телеарна эфирінде бір жарқ етіп одан да көп көрермендерін, подписчиктерді жинап алады.

Телеарнаны былай алып тастағанда Инстаграмм желісінде қазақ қыздарының "ұлттық ою-өрнекпен" киімсіз суретке түсуі... енді осы мәселеге қатысты айтарға еш сөзім қалмады.

Сонда әке-шешенің тәрбиесі мүлдем елеусіз қалды ма? Әлде сол жақын адамдардың өзі де сол балаларының қылықтарын мақұлдап отыр ма деген сұрақ туындайды.

Әрине маған біреулер сен өзіңше неген сыншы болып отырсың деп айтуы да мүмкін. Оған да келісемін. Бірақ жүрегі қазақ деп соққан әрбір ұлтын сүйер азамат осы мәселені көтеруі тиіс деп ойлаймын. Қазақ қызының тәрбиесі бұзылса, бүкіл ұлт зардап шегеді деп бекер айтылмаған. Сондықтан да жас ұрпақты теледидардан керексіз бағдарламаларға үйір қылмай, әлеуметтік желіні деп шектеу қажет деп есептеймін!

0
0
663

Осы тақырып бойынша

Атақ үшін шешінуден тайынбас... - Yvision.kz