Қатаң карантин 2 тамызға дейін ұзартылды
Премьер-министр Асқар Мамин қатаң карантинді 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын айтты
Қатаң шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Ауру өсуі тұрақтанып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін Республикада шектеу шараларын 20 шілдеден 2 тамызға дейін тағы екі аптаға ұзарту туралы шешім қабылдаймыз", - деді Мамин Үкімет отырысында.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралы кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақы ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу жөнінде шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өтінімі негізінде жүргізіледі"
"Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер мен мүдделі мемлекеттік органдар карантинді одан әрі сақтаудың барлық шарасын іске асырсын. Дәрілік препараттардың қажетті қоры бар және үнемі толықтырылып отырады. Оларды дәріхана желілері мен стационарлар бойынша нақты бөлу бойынша барлық шараны қамтамасыз ету қажет",-деп тапсырды премьер-министр.
